ПЕНДЕНІҢ БӘРІ ҚАУҚАРСЫЗ! ⠀ АЛЛА КӨМЕКТЕСПЕСЕ, ұлы қорған салып қорғанған алып де…

ПЕНДЕНІҢ БӘРІ ҚАУҚАРСЫЗ!

АЛЛА КӨМЕКТЕСПЕСЕ, ұлы қорған салып қорғанған алып державаның өзі қырылып қалады екен…

АЛЛА КӨМЕКТЕСПЕСЕ, көзге көрінбейтін кіп-кішкентай нәрсенің алдында аузын айға білеген алпауыттар да қауқарсыз екен…

АЛЛА КӨМЕКТЕСПЕСЕ, мына әлем, осыншама адам, жылдар бойы жанұшырып жиған мүлкіміз, қазған кеніміз — бәрі бір сәтте жоғалып, құнсызданып қала береді екен…
Біз ешкім емес екенбіз…
Біз…
Ешкім емеспіз! Қолымыздан ештеңе келмейтін әлсіз пендеміз!

Егер сіздің қолыңыз кірлесе, оны сумен жуып тазалайсыз. Сол секілді жер бетінде күнә көбейсе, Алла Тағала оны су тасқынын жіберіп шаяды. Үстіңізді шаң басса қағып тастайтыныңыз сияқты, Алла Тағала да жер бетіне түрлі сынақтар, аурулар жіберіп, бізді күнәдан сілкіп тастайды екен.

Сондықтан есімізді жиып, жанұшыра Алладан жәрдем сұраймыз
Себебі, Алла шынымен де ауру жіберсе, оған ешқандай дамыған техника, ешқандай бума-бума ақша қарсы тұра алмайды

Иә, Алла! Бізді бір кездері жер бетінен Алланың азабымен жойылып кеткен Ад, Самуд, Нұх қауымы секілді етпе! Сен қаламасаң, бүкіл әлем жиылып бізге бір жамандық ойластырса да, Сенің қалауыңсыз ештеңе істей алмайтынын жақсы білеміз! Сондықтан
бізді бұл сынақтан аман алып шық!
Құлдарыңды кешір!
Тазала!
Тура жолға сал!
@quralai_hanum
Құралай Ханымның ТәждіңАсылАқиқаты тегін марафонына шақырамын
Батада,Дұғада бәріміз бір уақытта бірге болайық _____________________
асыларна asylarna дұға ауру карантин сынақ иман вирус коронавируc